Ерікті сақтандыру санаттары

30.03.2016

 

1.Жазатайым оқиғалардан сақтандыру:

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,059%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 8,84%.

Мамандығына, жұмыс орнына, қызмет түріне, сақтандырылған тұлғалардың тұрғылықты жеріне, қауіпсіздік техникасының жағдайларына, кәсіпорындар мен ұйымдардағы жабдықтардың тозғандығына байланысты саралау коэффициенттері 0,3 бастап 5 дейін.

 

 

2. Сырқаттануға байланысты сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 1,402%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 86,03%.

 

Аймақтағы экологиялық жағдайға, жасы мен денсаулық жағдайына, сақтандырылған тұлғалардың санына байланысты саралау коэффициенттері 0,5 бастап 1,5 дейін.

 

3. Автомобиль көлігін сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі:

- автомобиль көлігін сақтандыру кезінде: 0,37%;

- өзге техниканы сақтандыру кезінде: 0,18%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 20,01%.

Көлік құралдарының тозу деңгейіне, маусымдылығына, қатынас жолдары – аймақтағы автокөлік жолдарының жағдайларына, шектеулі жағдайларға байланысты сақтандыруларға, жүргізушінің жасы мен жүргізу өтіліне байланысты саралау коэффициенттері 0,3 бастап 2 дейін.

 

 

4. Теміржол көлігін сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,059%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 18,91%.

 

Теміржол көлік құралдарының тозу деңгейіне, маусымдылығына, қатынас жолдары – аймақтағы темір жолдардың жағдайларына, теміржол құрамдарының қозғалу аумағына байланысты саралау коэффициенттері 0,6 бастап 3,3 дейін.

 

 

5. Әуе көлігін сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,32%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 56,95%.

Әуе көлік құралдарының тозу деңгейіне, маусымдылығына, әуе кемелері ұшатын географиялық аймақтарға, ұшу құрамының біліктілігіне, берілетін әуе дәліздеріне байланысты саралау коэффициенттері 0,6 бастап 2 дейін.

 

 

6. Су көлігін сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,42%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 21,46%.

Құрылған жылына, пайдалану мақсатына, түрі мен кеменің шығарылған орнына, қозғалу географиясына, соның ішінде бағдарлардың қашықтығына, кеменің техникалық сипаттамаларына, экипаждың құрамына, біліктілігіне, кәсіби тәжірибесіне, шығындар статистикасына байланысты саралау коэффициенттері 0,7 бастап 1,1 дейін.

7. Жүктерді сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,034%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 18,55%.

Жүктердің санатына, күзеттің болуына, жүкті тасымалдау көлігіне, шектеулі тәуекелдерді сақтандыруға байланысты саралау коэффициенттері 0,5 бастап 3 дейін.

 

 

8. Мүлікті сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі:

- жылжымайтын мүлікті сақтандыру кезінде: 0,019%;

- жылжымалы мүлікті сақтандыру кезінде: 0,027%;

- тауар-ақша құндылықтарын сақтандыру кезінде: 0,027%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі:

- жылжымайтын мүлікті сақтандыру кезінде: 31,04%;

- жылжымалы мүлікті сақтандыру кезінде: 22,76%;

- тауар-ақша құндылықтарын сақтандыру кезінде: 34,14%.

Ғимараттар, құрылыстар, салынған жылына байланысты құрылыс объектілері, көтергіштік қабілеті мен отқа төзімділік дәрежесі бойынша құрастырымдық ерекшеліктері, қабаттылығы, аймағы және болуы мүмкін табиғи қауіптері үшін саралау коэффициенттері 0,5 бастап 3 дейін.

 

Технологиялық желілері, білдектері, жабдықтары, өндірістік жабдықтары, машиналары, механизмдері, оргтехника құралдары, құрал-саймандары, жиһаздары, қоймадағы/айналымдағы тауарлары, кеңсе жабдықтары және т.с.с. үшін тозу деңгейіне, инженерлік желілердің жағдайына, өрт-күзет дабылдамасының болуына, қызметкерлердің біліктілігіне, өндірістік және қызметтік ғимараттардың түрлеріне байланысты саралау коэффициенттері 0,5 бастап 6 дейін.

 

 

9. Автомобильді көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,055%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 6,385%.

Жауапкершілік лимитіне, жүргізушілердің өтіліне, сақтандыру аумағына, көлік құралдарын пайдалану мақсатына, шығындар статистикасының болуына қатысты саралау коэффициенттері 0,5 бастап 2 дейін.

 

 

10. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,01%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 28,189%.

Әуе көлігінің тозу деңгейіне, ұшу құрамының біліктілігіне, әуе кемелері иелерінің өзге пайдалану ерекшеліктеріне байланысты саралау коэффициенттері 0,3 бастап 3 дейін.

 

 

11. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,067%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 2,473%.

Тозу деңгейіне, пайдалану мақсатына, түріне, шығарылған орнына, кеменің техникалық сипаттамаларына, қозғалу географиясына, соның ішінде бағдарлардың қашықтығына, экипаждың құрамына, біліктілігіне, кәсіби тәжірибесіне, шығындар бойынша статистиканың болуына байланысты саралау коэффициенттері 0,7 бастап 1,1 дейін.

 

 

12. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,0073%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 13,97%.

 

Қызмет түріне, орналасқан орнына, осы қызмет түрі бойынша сақтанушының жұмыс тәжірибесіне, бұрынғы шығындардың болуы мен ауырлығына байланысты саралау коэффициенттері 1 бастап 5 дейін.

 

 

13. Қарыздарды сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,06%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 3,19%.

Сақтанушының жасына, денсаулық жағдайына, қызмет түріне, қаржылық жағдайына (төлем қабілеттілігіне), сақтанушының беделіне, сақтандыру мерзіміне байланысты саралау коэффициенттері 0,75 бастап 2 дейін.

14. Өзге қаржы шығындарын сақтандыру

 

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,056%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 13,63%.

Нарықтық қатынастардың тұрақтылық деңгейіне, сақтанушының қызметінің жүзеге асу кезеңіне, алдыңғы наразылықтар туралы ақпараттарға, франшиза мөлшеріне, қабылданатын міндеттердің көлеміне, қаржы орнықтылығына, сақтанушының беделіне байланысты саралау коэффициенттері 0,5 бастап 1,5 дейін.

 

 

15. Сот шығындарын сақтандыру

Ең төмен базалық сақтандыру тарифі: 0,985%;

Ең жоғары базалық сақтандыру тарифі: 9,809%.

Кәсіпорынның қызмет түріне, құрылған жылына, қаржы көрсеткіштеріне, серіктестеріне, несие тарихына, беделіне, шығындар бойынша статистиканың болуына байланысты саралау коэффициенттері 0,75 бастап 1,1 дейін.

 

 

Қолданыс кезеңі – жаңартылған тарифтерге ауыстырғанға дейін.


 

Сілтемемен бөлісу: