Страхование ГПО в Казахстане

АҚЖ сақтандыру бизнеске ұйымның қызметі барысында туындауы мүмкін болатын қиын жағдайлардан қаржы шығындарысыз шығуға мүмкіндік береді

егжей-тегжейлі «Жалға алушыға»

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті (АҚЖ) ерікті сақтандыру сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру сомалары ықтималды залалдан әлдеқайда аз болғанда немесе сақтандыру заңмен қарастырылмаған, бірақ үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне абайсызда зиян келтіру қаупі бар болған жағдайларда қажет.
АҚЖ сақтандыру бизнеске ұйымның қызметі барысында туындауы мүмкін болатын қиын жағдайлардан қаржы шығындарысыз шығуға мүмкіндік береді. 
Сауда орталығында жұмыс істегенде өз жауапкершілігін сақтандыру неге маңызды:
· Сауда орталығында адамдар, соның ішінде балалар көп шоғырланған, сондықтан мүлікке немесе келушілердің денсаулығына кездейсоқ зиян келтіру қаупі арта түседі. Безендіруші бұйымның немесе сауда құрал-жабдығы элементінің, кездейсоқ құлап кетуі, кенет төгіліп қалуы, қораптан кездейсоқ түсіп қалған тауар – қауіпсіздіктің барлық шараларын қарастыру мүмкін емес. Бірақ, кез келген жағдайда Клиентіңіз, яғни, сауда орталығына келген келуші, осындай жағдайлар туындап жатса, Сізден қамқорлықты және келтірілген залалдың өтеуін алуы тиіс. 
· Сауда орталығында Сізбен бірге көптеген басқа компаниялар да жұмыс істейді – кез келген төтенше оқиға барлық жалға алушылардың саудаларына және сауда орталығының беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Құрастыру-монтаждау жұмыстары әрдайым айналадағыларға жасырын қауіпті төндіреді – дәнекерлеу жұмыстары барысында шыққан ұшқын және қысқа тұйықталу өрттің пайда болуына алып келуі мүмкін. Конструкцияны монтаждау көршілес алаңдарда болатын құрал-жабдыққа зиян келтіруі мүмкін. Бірақ сауда орталығына келтірілген кез келген залал мүмкіндігінше жылдам жойылуы тиіс, бұл клиенттерге саудаларын жасауына кедергі болмауы тиіс. 
·Сауда орталығы клиенттерді тартуға және ғимаратта жайлылықтың сәйкес деңгейін ұстап тұруына көп қаражат жұмсайды. Жалға алушының мүлігіне кездейсоқ келтірілген кез келген залал қысқа мерзімде өтелуі тиіс. 
Барлық осы факторлар әрбір жалға алушыға үлкен жауапкершілікті жүктейді. 
Міне сондықтан «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы Сізге сауда орталықтарында жұмыс істегенде келесі сақтандыруды ұсынады:
·Үшінші тұлғаларға зиян келтіргені үшін жалға алушының АҚЖ сақтандыру 
· Жалға алушының құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) жүргізілгенде үшінші тұлғаларға зиян келтіргені үшін АҚЖ сақтандыру 
· Жалға алушының Жалға берушілер алдындағы АҚЖ сақтандыру 
«Коммеск-Өмiр» сақтандыру нарығының барлық стандарттарына толық сәйкес келеді:
·тәулік бойғы call-center;
· тәулік бойғы апаттық комиссарлардың жеке меншік қызметі;
·23 жыл барысындағы төлемдер бойынша мінсіз бедел;
·Қазақстанның жетекші компаниялардан жақсы мінездемелер;
·бүкіл ел бойынша филиалдар, өкілдер мен агенттер;
·залалдарды жылдам реттеу;
·сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесінің қатысушысы;
·қауіптерді, соның ішінде апатты жағдайларды қосымша сақтандыру жүйесі.
Сұрақтарыңыз болса, 8 (727) 244 74 00 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call - center орталығымен хабарласа аласыз.

ашубүктеу


маманға сұрақ

Сілтемемен бөлісу: