Экологическое страхование в Казахстане

Міндетті экологиялық сақтандыруға шаруашылықтың және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

егжей-тегжейлі «Экологиялық сақтандыру»

Сақтандырудың осы түрі «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңмен реттеледі. Міндетті экологиялық сақтандыруға шаруашылықтың және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады. Шаруашылықтың және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.
Міндетті экологиялық сақтандыру келісім-шартындағы сақтандыру сыйлықақысының өлшемі тараптардың келісуімен 0,59% бастап, 2,65% дейін белгіленеді, бірақ бұл жағдайда сақтандыру сыйлықақысының өлшемі заңмен белгіленген шекті мәнді асырмауы тиіс.
САҚТАНДЫРУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ ҚАНДАЙ МЕРЗІМГЕ ЖАСАЛАДЫ?
Кем дегенде он екі ай мерзіміне жасалады.
САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ҚАНДАЙ МӨЛШЕРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
Оның апатты ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлігіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген залал үшін нақты залал өлшемінде, келісім-шартпен белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтындай 30 күн ішінде жүргізіледі.
ЗАҢГЕРЛІК АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Кодексінің Әкімшілік Құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамалық міндетті сақтандыру туралы актісіне сәйкес міндетті сақтандыру келісім-шартын жасауға міндетті тұлғалардың міндетті сақтандыру келісім-шартын жасаудан жалтару келесі айыппұлға тартылады:
лауазымды тұлғаларға100 АЕК дейін мөлшерде;
заңды тұлғаларға 1000 АЕК дейін мөлшерде.

Сұрақтарыңыз болса,8 (727) 244 74 00 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call - center орталығымен хабарласа аласыз.
ашубүктеу


маманға сұрақ

Сілтемемен бөлісу: