Тасымалдаушыларға

Егер жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету барысында Сіз олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін болсаңыз, онда жолаушылар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі Сіздің кездейсоқ шығындарыңызды қысқартады. 

егжей-тегжейлі «Тасымалдаушыларға»

ДСақтандырудың бұл түрі «Тасымалдаушының жолаушылар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен реттеледі. Тасымалдаушының жолаушылар АҚЖ міндетті сақтандыру нысаны тасымалдаушының оларды тасымалдау барысында жолаушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен белгілеген оның міндетімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады. Тариф өлшемі АЕК-ке байланысты болады.
Егер жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету барысында Сіз олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін болсаңыз, онда жолаушылар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі Сіздің кездейсоқ шығындарыңызды қысқартады.
Сақтандыру сыйлықақысы:
- Автомобиль көлігі: 3 АЕК-тен бастап 23-ке дейін  
- Әуе көлігі: 135 АЕК-тен бастап 3 820-ға дейін
- Теңіз көлігі: 50 АЕК-тен бастап 530-ға дейін
- Ішкі су көлігі: 17,5 АЕК-тен бастап 160-қа дейін
- Темір жолмен тасымалдау барысында тариф жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтің кіріс сомасының 0,2 % құрайды.
Сақтандыру төлемі: 
Теңіз және әуе тасымалдау бойынша:
әрбір зардап шеккен адамның өміріне және денсаулығына келтірілген және келесілерге әкеліп соқтырған залал үшін:
- қаза болу – 2 000 АЕК;
- мүгедектікті белгілеу:
I топ – 1 600 АЕК;
II топ – 1 200 АЕК;
III топ – 800 АЕК;
- мүгедектікті белгілемей жарымжан болу, жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіру 200 АЕК аспайтын амбулаторлық және (немесе) стационарлық емдеуге шыққан нақты шығын өлшемінде. Бұл жағдайда стационарлық емдеудің әрбір күні үшін сақтандыру төлемінің өлшемі кем дегенде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;
әрбір зардап шеккен адамның мүлігіне келтірілген зиян үшін – келтірілген залал мөлшерінде, бірақ 250 АЕК артық емес;
Темір жол, ішкі су және автомобиль тасымалдауы бойынша:
әрбір зардап шеккен адамның өміріне және денсаулығына келтірілген және келесілерге әкеліп соқтырған залал үшін:
- қаза болу – 1000 АЕК;
- мүгедектікті белгілеу:
I топ – 800 АЕК;
II топ – 600 АЕК;
III топ – 400 АЕК;
- мүгедектікті белгілемей жарымжан болу, жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіру 200 АЕК аспайтын амбулаторлық және (немесе) стационарлық емдеуге шыққан нақты шығын мөлшерінде. Бұл жағдайда стационарлық емдеудің әрбір күні үшін сақтандыру төлемінің өлшемі кем дегенде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс; әрбір зардап шеккен адамның мүлігіне келтірілген зиян үшін – келтірілген залал мөлшерінде, бірақ 250 АЕК артық емес.
 
Сұрақтарыңыз болса, 8 (727) 244 74 00 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call - center орталығымен хабарласа аласыз. 

ашубүктеу


маманға сұрақ

Сілтемемен бөлісу: