Новости

30янв2018

ҚР сақтандыру нарығы-2018: өсімнің жаңа нүктелерін іздеу

 
Сақтандыру нарығы бойынша көрсеткіштер
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы 2017 жылдың нәтижелері бойынша 370,2 млрд теңге сомасына сақтандыру сыйақысын жинады, бұл 2016 жылға қарағанда  3,7% артық.
 Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының көлемі 96,7 млрд теңгеге жетті, 2016 жылмен салыстырғанда  6,8% артқан, ерікті жеке меншік сақтандыру  – 101,2 млрд теңгеге,  өсімі  17,1%,  ерікті мүліктік сақтандыру – 172,1 млрд теңге, төмендеуі  4,3%.
Қайта сақтандыруға өткізілген сақтандыру сыйақыларының мөлшері  129,7 млрд теңге немесе бүкіл сақтандыру сыйақысының  35%. Қазақстан Республикасының резиденттеріне еместеріне қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының  84,1% берілді.
2017 жыл бойынша сақтандыру  төлемдерінің жалпы мөлшері  88,7 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылдың үйлес мерзімімен салыстырғанда  9% аз.
Сақтандыру секторы активтерінің көлемі  926,7 млрд теңгені құрады, бұл  8,2% артқаны. Міндеттемелері   13% артты,  513,7 млрд теңгеге дейін.Сақтандыру резервтерінің мөлшері  460,5 млрд теңгені құрады, өсім  11,6%. Өзіндік  капитал – 413 млрд теңге, өсім  2,7%.
 «Коммеск-Өмір» СК көрсеткіштері
 2017 жыл бойынша  «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйақысының мөлшері  6,76 млрд теңгені құрады, бұл   2016 жылғы деңгей.  2017 жылы міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйақылары өткен жылдың үйлес мерзімімен салыстырғанда  16% артып,  2,91 млрд  теңгені құраған,  көлік иесі жауапкершілігін міндетті сақтандыру (ОС ГПО ВТС)  жөніндегі сыйақының артуы есебінен өсім 404 млн теңгеге. Ерікті жеке меншік сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйақыларының  сомасы  40% артып,  823 млн теңгені құрады, науқастану жағдайына байланысты сақтандыру жөніндегі қоржынның артуы есебінен. Ерікті мүліктік сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйақылары 3 млрд теңге, төмендеу  19%, оның ішінде  АвтоКАСКО  мен жүктерді сақтандыру бойынша сыйақылардың сәйкесінше  32% және  42%төмендеуі есебінен.
2017 жыл бойынша компанияның сақтандыру төлемдерінің мөлшері  2,17 млрд теңгеден асты, 2016 жылмен салыстырғанда өсім  8 %  құрады (2016 жылғысы  – 2 млрд). Міндетті сақтандыру  бойынша төлемдер  1,17 млрд теңгеден асты, өсім 30%,  ерікті жеке меншік сақтандыру бойынша – 341,7 млн теңге, өсім 85%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша  – 660,9 млн теңге, төмендеуі 28% құрады. 
        01.01.2018 қарағанда компанияның активтері   16,1 млрд теңгеден асты (өсім 22,4%), сақтандырушы  резервтер – 5,6 млрд теңге (өсім 21,5%), өзіндік  капитал – 8,6 млрд теңге (өсім 17,5%).
 
Сақтандырудағы IT :цифрлік түрлендіру қарсаңында 
Ақпараттық технологиялардың қарқындап дамуы және интернетті пайдаланушылар санының артуы сақтандыру бизнесін  де жаңа цифрлік канал-электронды коммерция туралы ойлануға итермелеп отыр. Қазір сақтандырушы қоғамдастық  Е-полисті сатып алу процедурасы, сақтандырушы мен сақтанушы арасында электронды ақпараттық ресурстарды алмасу ережелерін, сақтандырушы ұйымның ресми интернет-сайтында ақпаратты орналастыру ережелерін талқылауда.
Сонымен қатар  параллельді түрде сақтандыру жағдайының орын алғандығын хабарлау, келтірілген залал мөлшеріне бағалау жүргізу және сақтандырушының интернет-сайт арқылы сақтандыру төлемін алу процедурасын да іске қосу көзделіп отыр.
Технологиялық өзгерістерге байланысты сақтандырушылардың  дербес деректерін, мәліметтерді алмасу жүйесін қорғау, сақтандыру саласындағы алаяқтыққа қарсы күрес пен киберқауіпсіздік мәселелерінің  маңыздылығы арта түседі.
Жаңа цифрлік өнімдер сатылымдарды арттыру және сервисті жақсарту жағынан да өсім нүктелері болуы ықтимал. Сақтандыруды дербестендіру үшін қазақстандық сақтандырушы компаниялар мобильді қосымшаларды, шетелдік сақтандырушылар – мессенджерлерде чат-боттары бар сервис онлайн-консультацияларды іске қоса бастады, ақылды сақтандыру мен «заттар интернеті» технологияларын қолдануға кірісті.
Иншуртехтегі тағы бір жаңа құрал –  автосақтандырудағы телематика,  ол жол жүру апаты кезінде көлік жүргізу стилін бақылау үшін ғана емес, тарифті дербес қарастыру үшін де қолданылады. Қазақстандық сақтандырушылар  телематиканы енгізуге әрекеттенген, алайда нарық ерекшелігіне орай ол әзірге сіңе қойған жоқ.
 АвтоКАСКО-мен келісімшарт жасасқанда көлікті алдын-ала бағалау үшін пилотсыз ұшақтарды пайдалану және жол апаты кезінде келтірілген залалды бағалау мәселесі қаралуда. Сондай ақылды   технологиялар мүлікті  (қауіпсіздік жүйелерін орнату) және денсаулықты  (денсаулықты қашықтықтан бағалау) сақтандыруда қарастырылуда.Сондай-ақ  биометрияны пайдалану  және сақтандырушыны сәйкестендіру мәселелері зерттелуде.

Сақтандыру кеңістігіндегі қосылулар мен жұту
2018 жылы сақтандыру нарығының тарылуы және шоғырлануы процесі жалғасады. Ең алдымен  ол Халық банкі мен Қазкомның және олардың еншілес сақтандырушы компаниялары Қазкоммерц-Полиса пен  Қазақинстрах-тың  қосылуына байланысты  болып отыр.
Сонымен қатар, көптеген  компанияларға ағымдағы макроэкономикалық жағдай мен қатаң бәсекелестік күресте жеңіп шығу оңайға соқпай отыр, оған себеп регулятордың капиталдандыру мен төлем қабілеттілігі маржасының нормативтеріне қатысты талаптары. 2018 жылдың 1-ақпанынан бастап сақтандырушы компаниялардың капиталы мен  төлем қабілеттілігіне  қатысты нормативтер өзгермек.
 2018 жылдың басында   «Коммеск-Өмiр» СК АҚ мен   «Сәлем» СК АҚ арасында «Сәлем» СК АҚ  4  міндетті сақтандыру класы бойынша сақтандыру қоржынын беру туралы келісімшарт жасалған.Өткізілген сақтандыру қоржынына кірген бүкіл келісімшарттар бұрынғы шарт негізінде күшінде қалады. «Коммеск-Өмiр» СК АҚ сақтандыру қоржынын қабылдауы қолданыстағы сақтандырушы келісімшарттың қайта жасалуын керек етпейді, оған өзгерістер Қазақстан Республикасы заңында белгіленген жалпы тәртіпте енгізіледі және сақтандырушының мойнына алған міндеттемелерін орындауына әсер етпейді.    
 A.M. Best халықаралық рейтингі агенттігі өзінің баспасөз хабарламасында атап өткендей,  «Салем» СК АҚ сақтандырушы қоржынын қабылдаған соң  «Коммеск-Өмiр» СК АҚ рейтингісі бұрынғысынша қалды,  несиелік  рейтинг b+  болжамы «тұрақты».
 
2018 жыл-қауіп және үміт 
Қазіргі уақытта  «реттеуші сүзгішті» енгізу мәселесін қарастыруда, яғни онда жұмыстың белгілі бір шарттары  көзделеді, қаржылық компаниялар  қолданыстағы заңды бұзбастан жаңа технологиялар мен қызметтерді тестіден өткізе алады.  Тест нәтижелері бойынша регулятор қандай да болмасын жобаның өміршеңдігі туралы шешім қабылдайтын болады. «Реттеуші сүзгіштің»  басты мақсаты, финтех саласында проблемаларды шұғыл  түрде шешу үшін қосымша мүмкіндіктер туғызу, өйткені заң әдетте жаңашылдықтарды қабылдауда кешігіп  жатады.
Сақтандырудың жаппай түрі- көлік құралдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  міндетті сақтандыру  бойынша  мүлікке, өмірге, зардап шегуші тұлғаның денсаулығына  келтірілген залалдың орнын толтыру жөніндегі жауапкершіліктің лимитін арттыру қарастырылуда.  Соның салдары ретінде сақтандыру қауымдастығы 2007 жылдан бері өзгертілмеген тарифтерді қайта қарауды ұсынады, өйткені жол апаттарының құны екі есеге артты. Сондай-ақ территориалды  коэффициенттерді, жүргізушілердің жас градациясын, пайдалану мерзіміне байланысты техникалық құралдардың градациясын қайта қарауға негіз бар, сонымен қатар, онлайн-сақтандыру кезінде 10 пайызды жеңілдікті ескере отырып, тарифтерді қайта  есептеу қажеттілігі туындап отыр.
      ҚР денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және сақтандыру қоғамдастығымен  бірлесіп жұмыс тобын құрды, ол шығындарды қоса қаржыландыру жағынан міндетті және ерікті медициналық сақтандыруды үйлестіру мүмкіндігін қарастыруда.  Онда  ассистанс (сервистік медициналық ұйым) емханаға көрсетілген қызмет үшін ақыны екі көзден төлейтін болады:
- сақтандырушы компаниямен арадағы сақтандыру келісімшарты шеңберінде;
- үкімет бекіткен қолданыстағы   тарификаторға сәйкес медициналық сақтандыру қоры .
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінде ауырып қалу жағдайына байланысты ерікті сақтандыруды жүзеге асырудағы  преференциялар көрсетілген. Мәселен, ауырып қалу жағдайына байланысты ерікті сақтандыру келісімшарты және  сақтандыру сыйақыларының төленгендігін  растаушы құжат болған жағдайда , салық салынуға тиіс жеке тұлғаның кірісінен 8  минималды жалақы мөлшері көлемінде төлемдер анылып тасталады, ол ақша жеке тұлғаның медициналық қызметінің шығынын немесе    ауыруға байланысты ерікті сақтандыру  келісімшарты бойынша қызметкер пайдасына сақтандыру сыйақысын төлеуге көзделген  жұмыс берушінің шығындарын   жабуға жұмсалады.   
Бұрынғыдай сақтандырудағы алаяқтық проблемасы өзекті болып отыр, яғни (көмек берушілердің» қызметінің реттелмеуі. Әдетте алаяқтар сенімхат негізінде сақтандыру төлемін жылдам алуға көмектесеміз, деп айтады. Соңында сақтандырушыдан ақшаны алып алған «көмекшілер» не қашып кетеді не ақшаны толық бермей қалады. Шын мәнінде адал сақтандырушылар сақтандыру  төлемдерін төлеу үшін белгіленген мерзімдерді сақтайды және сервисті жақсарту мақсатында оның мерзімін қысқартады.  Мәселен, 2017 жылдың 4-ші тоқсанында  «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы көлік құралдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  міндеті сақтандыру  бойыныша  төлемдердің  99,8 %  7 жұмыс күні ішінде төлеп берді  (заңға орай 15 жұмыс күнінен кешіктірмеу керек );  АвтоКАСКО  мен  сақтандырудың басқа  ерікті түрлері бойынша төлемдер 100 пайыз бес  жұмыс күні ішінде төленген. 
Қостанай облысында сақтандырудағы алаяқтықтың тағы бір түрі бар. Ол РФ арадағы шекараның жақындығына байланысты. Оның мәні мынада, алаяқтар алдында РФ-да  орын алған сақтандыру жағдайының туындағандығы жайлы қазақстандық сақтандыру компаниясына  мәлімдейді.  Ондайлар  әдетте сақтандыру  компанияларының  бұрынғы қызметкерлерімен  ымыралас  болып шығады. 

Сілтемемен бөлісу: