Новости

06окт2016

«Коммеск-Өмір» СК» АҚ «Қазақстандық сақтандыру рыногының болашағы» тақырыбындағы баспасөз мәслихаты

 
2016 жылдың 3-қазанында «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы кәсіби мереке – Сақтандырушы күніне орайластырылған дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында қазақстандық сақтандыру нарығының даму келешегі мен нәтижелері, рыноктағы негізгі трендтер жарияланды. Сонымен қатар, онкологиялық сырқаттардан сақтандыру жөніндегі жаңа өнім таныстырылды.
Сақтандыру апгрейді: жаңа технологиялардан күтетін жақсылықтар
Сақтандырушылардың 2017 жылдан күтері көп. Атап айтқанда, келер жылы автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру  полистерінің электронды нұсқасы қолданысқа енеді. Қазіргі таңда заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде, онлайн режимінде сақтандыру полисін алатын клиенттерге жеңілдіктер жасау мүмкіндіктері талқыланып жатыр. Электронды сақтандыру полисі тұтынушыларға оны кез-келген уақытта үйден ұзап шықпай-ақ рәсімдеу жағынан жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс. Сонымен қатар, полисті өзіңмен бірге алып жүру қажеттілігі де жойылмақ. Өйткені, алдағы уақытта Бірыңғай сақтандыру базасы мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен интеграцияланады. Бұл еі алдымен әкімшілік полиция қызметкерлерінің полистің бар-жоғын және заңдылығын тексеруіне мүмкіндік береді.
                Сақтандыру рыногының ашықтығын қамтамасыз ету шеңберіндегі өзгерістер агенттік  желісіне де әсер етпей қоймайды. Мәселен, сақтандыру агентінің аты-жөні сақтандыру жөніндегі келісімшартқа енгізіледі. Жеке тұлға болып саналатын сақтандыру агенттері реестрі Бірыңғай сақтандыру мәліметтері базасына енгізіледі. Сонымен қатар, сақтандыру сыйақысын төлеген кезде жеке агенттердің тұлғалардан қолма-қол ақша алуына тыйым салынбақ.
                Соңғы кезде туроператорларды сақтандыру саласында күрделі жағдай қалыптасуына байланысты рыноктың бұл сегментіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілгелі отыр. Мәселен, міндетті сақтандыру нысаны ретінде туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі емес, шетелге шығатын туристің өзі болуы мүмкін. Сондай-ақ, биылғы жылы туристерді қорғау жөніндегі корпоративтік қор құру көзделген. Оған аударылатын төлемдер туроператордың мойнында болмақ.
Бүгінгі күні бағалаушылар тарапынан ұсынылған Заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Атап айтқанда, бұл құжатқа енгізілетін өзгерістер көлікке келтірілген залалды бағалау қызметін тек қана тәуелсіз бағалаушыларға беруге қатысты болмақ.
Дәлірек айтсақ, 2016 жылдың 22-сәуірінде сақтандыру компаниялары келтірілген заллал мөлшерін реттеуші орган бекіткен бірыңғай әдістеме бойынша анықтауға көшкен болатын. Сақтандырушылар басқа әдістемелерді пайдаланбайды. Себебі, заң бойынша аталған талаптарды бұзған жағдайда сақтандыру компаниясының қызметін уақытша тоқтату, содан кейін лицензиясын мүлдем қайтарып алу қарастырылған.
Дегенмен бұл өзгерістердің жағымды жақтары да жоқ емес. Мәселен:
– сақтандыру төлемдерін төлеу процесі жеделдетіледі;
– келтірілген залал мөлшері барлық сақтандыру компанияларында бірдей әдістеме бойынша есептеледі; бұл дауды тікелей реттеуге оң ықпал етері сөзсіз;
– клиенттің сақтандыру төлемдеріне көңілі толады. Мәселен, өткен 8 айың қорытындысы бойынша «Коммекс-Өмір» СК клиенттерінің төленген төлемдерге қанағаттану деңгейі 92 пайызды, шығынды реттеу деңгейіне қанағаттану деңгейі – 94 пайызды құрады. Автокөлік иелерінің АҚЖ МС бойынша төленген орташа төлемдер биылғы жылы 9-10% артты.
Сондай-ақ, залал көлемін анықтау барысында «тәуелсіз» бағалаушылар тарапынан мынадай жағымсыз факторлар орын алған:
– залал мөлшерін анықтауға кететін шығынды шектен тыс көтеру;
– әртүрлі әдістемелерге негізделген бағалау қызметінің субъективтілігі басым;
– келтірілген залал мөлшерін өсіріп көтеруге мүдделілігі; өйткені, сақтандыру компаниясы көрсетілген залал мөлшеріне қатысты дауласпай жабуы тиіс болатын.
Мұндай жағдайда бағалаушылардың келтірілген шығын мөлшерін анықтау саласындағы монополист құқығын қайтарып алуға тырысатыны заңдылық. Бұл сақтандырудың мәніне мүлдем қайшы. Сақтандырушылар үшін залал көлемін анықтау – сақтандырудың қосымша табыс табуға жол бермейтін бір бөлігі. Ал, бағалаушылар үшін бұл – табыс табу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Егер сақтандырушылар залал мөлшерін анықтау саласында монополиялық құқықты өздеріне қайтарып алар болса сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуі мүмкін. Салдарынан автосақтандырудың ең кең таралған түрінің тарифі де көтеріледі. Нәтижесінде бұл сақтандыру қызметін тұтынатын 4 миллион автокөлік иесінің қалтасына салмақ түсіреді.
  Онкологиялық сырқаттардын сақтандыру: «Коммеск ДМС Бест Докторс»
Статистика бойынша, конкологиялық сырқаттарға шалдығушылар саны жыл сайын 5 пайызға өсіп отырады. Алайда, дер кезінде анықтап, емдейтін болса науқастың оны жеңу мүмкіндігі де артатыны сөзсіз. Сондықтан ауыр сырқаттардан сақтандыру саласында ұсынылып отырған мүмкіндіктерді де елеусіз қалдыруға болмайды.
       Осы орайда, «Коммеск-Өмір» сақтандыру нарығына медициналық сақтандыру саласындағы бірегей өнім – «Коммеск ДМС Бест Докторс» бағдарламасын шығарып отыр. Бұл бағдарлама ауыр сырқаттарды шетелдерде емдеу шығындарын жабуды көздейді. Ал, бұл емнің құны арзан еместігі бесенеден белгілі.
            Бағдарлама Гарвард медицина мектебі процессорлары ашқан халықаралық Best Doctors (Бест Докторс) медицина компаниясы мамандарының қолдауына ие болып отыр. 
        Бағдарлама несімен ерекшеленеді? Сақтандырылған адам келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейінгі аралықта онкологиялық немесе өзге де ауыр сырқаттарға шалдыққан жағдайда немесе хирургиялық операция қажет болған жағдайда, компания әлемдегі жетекші мамандардың көмегін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сақтандырылған адамның нақты сырқатты емдейтін мамандандырылған шетелдік клиникаларға барып емделуіне немесе операция жасатуына жағдай жасап, осының бәрін ұйымдастырады. Қазақстан үшін бұл бағдарламаның маңызы зор. Себебі, елімізде күн сайын онкологиялық сырқатқа жаңадан шалдыққандар саны 30 адамға толығып отырады. Ал, ерікті медициналық сақтандыру жөніндегі стандартты бағдарламалар мұндай сырқаттарды емдеуге кететін шығындарды жаппайды.
      «Коммеск ДМС Бест Докторс» бағдарламасы бойынша медициналық көмектің төмендегі түрлеріне сақтандыру төлемдерін төлеу қарастырылған:
·         Онкологиялық ауруларды емдеу
·         Аортокоронарлық шунттау
·         Жүрек клапандарын ауыстыру және қалпына келтіру
·         Нейрохирургия
·         Орган ауыстыру/ сүйек миын ауыстыру
    Best Doctors компаниясының мәліметтер базасына 450 мамандыққа маманданған 53 000 астам дәрігер енгізілген. Емдеу барысында пациентке тәулік бойғы және тегін қолдау желісі; жеке дәрігер-куратор: шетелде емделгеннен кейін дәрі-дәрмектерді төлеу және қолдау (соның ішінде, Қазақстанда дәрі-дәрмекке 50 мың еуроға дейін төленеді). Келісімшарт шеңберінде медициналық шығындар, жол ақысы мен шетелде жүріп-тұруға 1 миллион еуроға дейін ақша төлеу қарастырылған.
        Best Doctors бағдарламасына әлемнің 100-ден астам елінде 30 миллион адам қатысады.
 Сарапшылар бұл бағдарламаны қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін жоғары, медициналық сақтандыру бағдарламасын таңдау барысында оларға деген қамқорлықты бәрінен жоғары қоятын компаниялар басшыларына ұсынуды кеңес етіп отыр. «Коммеск ДМС Бест Докторс» бағдарламасын корпоративтік клиенттер де, жеке клиенттер де пайдалана алады.
  ҚР сақтандыру нарығының қазіргі жағдайына шолу
2016 жылдың 1-қыркүйегіндегі мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары 250,5 млрд теңге сыйақы жинаған. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 25 пайыз артық. Соның ішінде, міндетті сақтанщдыру жөніндегі сыйақы көлемі 63,3 млрд. теңгені (өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен 27% көп), жеке басын ерікті сақтандыру бойынша – 57,2 млрд. теңгені (өсім – 4%), мүлікті ерікті сақтандыру бойынша – 130 млрд. теңге (өсім – 36%) құраған.
«Жалпы сақтандыру» саласында қызмет ететін компаниялардың сақтандыру сыйақысы 195,6 млрд. теңгеден асып жығылды. Бұл 2015 жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 29,6% артық.
Сыйақы сақтандырудың басқа түрлерінде де едәуір көбейген. Мәселен, автокөлік иелерінің АҚЖ МС: сыйақы көлемі – 33 млрд теңге (өсім 25,5%), медициналық сақтандыру: сыйақы көлемі – 19 млрд теңге (өсім 5%), мүлікті сақтандыру: сыйақы көлемі – 64 млрд теңге (өсім – 35,3%), автокөлік иелерінің АҚЖ ерікті МС: сыйақы көлемі – 29 млрд теңге (өсім – 75%) .
«Жалпы сақтандыру» саласында қызмет ететін компаниялардың сақтандыру сыйақысы көлемі 27 пайыз артып, 53,2 млрд теңгені құрады.
2016 жылдың бастапқы сегіз айының қорытындысы бойынша, «Коммеск-Өсір» сақтандыру компаниясының сыйақысы 4,6 млрд теңгеден асып жығылды (өсім – 53%). Компанияның автокөлік иелерінің АҚЖ МС бойынша жиналған сыйақысы көлемі 60% артып, 1,6 млрд теңгеге; АвтоКАСКО бойынша – 61,8% артып, 623,3 млн теңгеге; медициналық сақтандыру бойынша – 117,2% артып, 249,4 млн теңгеге; жүктерді сақтандыру бойынша 120 пайыз артып, 383,8 млн теңгеге өскен. Мүлікті сақтандыру сыйақысы керісінше, 37 пайыз төмендеп, жалпы 485,4 млн теңгені құрады.
2016 жылдың 87 айында «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы 1,3 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйақысын төледі (өсім – 38,3%). Соның ішінде, АИ АҚЖ МС сыйақысы – 528,7 млн теңге (өсім – 50,5%), АвтоКАСКО бойынша – 291,5 млн теңге (өсім – 100,4%), медициналық сақтандыру бойынша – 126,3 млн теңге (өсім – 3,3%).
2016 жылдың сегіз айында компания АИ АҚЖ МС бойынша орта есеппен 342 000 теңге, АвтоКАСКО бойынша 374 000 теңге төлеген.
2016 жылдың 1-қыркүйегінде компания активтерінің көлемі 12,3 млрд теңгеден асты. Меншікті капиталы – 7,1 млрд теңгені, сақтандыру резервтері – 4,6 млрд теңгені құрады.
 
Анықтамалық ақпарат:
1991 жылдың 19-қарашасында құрылған «Коммеск-Өмір» СК» АҚ тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш сақтандыру ұйымы болып табылады. «Жалпы сақтандырудың» міндетті және ерікті түрлері, сондай-ақ қайта сақтандыру қызметі бойынша алғашқы лицензияның иегері. Қазақстанның ірі әкімшілік орталықтарында 18 аймақтық бөлімшесі бар. «Коммеск-Өмір» СК» АҚ акциялары 2007 жылдың маусымынан бастап «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне енгізілді. 2015 жылы компания халықаралық A.M. Best рейтинг агенттігінің b+ кредит рейтингін иеленді (болжамы «тұрақтый»), агенттік аталған рейтингті 2016 жылы да растады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Коммеск-Өмір» СК» АҚ баспасөз орталығына Юлия Шведковаға хабарласыңыздар. Телефоны: (727) 244-74-61 (ішкі: 193), e-mail: y.shvedkova@kommesk-omir.kz, pressa@kommesk-omir.kz, www.kommesk.kz
 

Сілтемемен бөлісу: