Новости

10фев2016

Жылжымайтын мүлікті сақтандыру міндетті болмақ

 
Қазақстан тұрғындарын баспаналарын сақтандыруға міндеттейтін жаңа заң дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігі коллегиясының жиналысында аталмыш ведомства басшысы Берік Имашев мәлімдеді. Бұл заң жобасын биылғы жылдың желтоқсан айында мәжілістің қарауына беріп, мүмкін болса жыл соңына дейін қабылдау көзделіп отыр.
Қазақстан тұрғындарын баспаналарын сақтандыруға міндеттейтін жаңа заң дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігі коллегиясының жиналысында аталмыш ведомства басшысы Берік Имашев мәлімдеді. Бұл заң жобасын биылғы жылдың желтоқсан айында мәжілістің қарауына беріп, мүмкін болса жыл соңына дейін қабылдану көзделіп отыр. ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қазіргі таңда жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктеріне сақтандыру жүйесін енгізу мәселесімен айналысатын орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, талқылау жүргізуде. «Жылжымайтын мүлікті сақтандыру  мемлекет үшін де, қатардағы қарапайым азамат үшін де қажетті әрі қолайлы рәсім» деп санайды сақтандыру компания өкілдері.
Олег ХАНИН, Коммеск-Өмір сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы:  
-Бұл заңды толығымен құптаймын. Тұрғындар баспаналарын сақтандырудан қорықпаулары керек. Өйткені, жер сілкінісі, өрт, газ жарылысы сынды түрлі төтенше жағдайлардан сақтандыру компаниялары қорғайды. Ал, бізде баспана сақтандыру үшін жылына төленетін сома да қомақты емес. 2500 теңгеден басталады, сонда күніне 7 теңгеден шығады. 
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев: «Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктерін сақтандырудан бас тартуда. Бірақ біз кеңес кезінен бері психологиямызда қалып қалған ойды артта қалдырып, өркениетті елдерден жеке мүлікті сақтандыру мәселесін үйренуіміз керек», – дейді. Ал, бұл заңға қатысты тұрғындардың пікірі сан түрлі
 
tantv.kz

Сілтемемен бөлісу: