Тарих

2015 ж.

Ақпанда «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында өз қызметі үшін EUROBAK тарапынан кезекті марапат алды.


2014 ж.

Желтоқсанда ең әйгілі сақтандыру өнімдерін: КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыру, АвтоКАСЖӨ, мүлікті сақтандыру, медициналық сақтандыру, оқыс оқиғалардан және шетелге шығатындарды сақтандыру және т.б. ұсынатын жаңа корпоративті сайт және интернет-дүкен іске қосылды.
Осы жыл ішінде Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде бөлшек сауданың тоғыз орталығы ашылды.

Маусымда Алматы қаласында «Коммеск-Өмір» бөлшек сауданың жаңа алтыншы орталығының ашылуы болды.

Маусымда Мoody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Коммеск-Өмiр Сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандырушының қаржылық тұрақтылықтың халықаралық рейтингін «Тұрақты» болжамымен В3 деңгейде растады.
Наурызда Алматы қаласында «SOS Medical Assistance» ЖШС екінші медициналық орталығының ресми ашылуы болды.
Ақпанда «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында өз қызметі үшін Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығынан (EUROBAK) марапат алды.


2013 ж.
13 желтоқсанда «Эксперт РА Казахстан» рейтингтік агенттігінің ұйымдастыруымен жылдық есеп беру конкурсында «Коммеск-Өмір» 2012 жылдағы жылдық есебі үшін екі номинацияның – «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» және «Дизайн мен полиграфия» жүлдегері болды.
19 қарашада «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы «Қызметкерлерді ынталандырудағы озық тәжірибе жүргізушілер» Қазақстандық HR-форумын ұйымдастырып, жүргізді.
Қазанда «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы Ұлттық бизнес-рейтингтің статистикалық саралау нәтижелері бойынша 2008 ж «20» мамырында Қазақстан Республикасының Статистика бойынша Агенттік Төрағасының № 67 бұйрығымен бекітілген «Экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеліміне» (ЭҚТОЖ) сәйкес өткізілген Қазақстан Республикасының ірі кәсіпкерлері арасында ЭҚТЖЖ 65.12.2 (мемлекеттік емес сақтандыру залалы) бойынша «2013 – сала көшбасшысы» ТОП‑5 қатарына қосылды.
Қазанда «Экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеліміне» (ЭҚТОЖ) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтінгісімен жүргізілген статистикалық саралау нәтижелері бойынша Павлодар қаласындағы компанияның филиалы 2011-2012 жылдардағы қызмет көрсету қорытындылары бойынша ЭҚТЖЖ 65.12.2 (мүлікті мемлекеттік емес сақтандыру) бойынша «2013 – сала көшбасшысы» жылдың ең үздік кәсіпорнының ТОП‑90 қатарына қосылды.
Тамызда Мoody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Коммеск-Өмiр Сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандырушының қаржылық тұрақтылықтың халықаралық рейтингін «Тұрақты» болжамымен В3 деңгейде растады. Сондай-ақ, Moody’s компанияның қаржылық тұрақтылығының рейтингінің ұлттық шәкіл бойынша В3.kz.деңгейін растады.
13 маусымда «Коммеск-Өмір СК» АҚ Басқармасының Төрағасы болып Олег Ханин тағайындалды.
Маусымнан бастап шығындарды реттеу барысында компания Audatex бағдарламалық кешенін қолдануды бастады.

Наурызда компания CAT XL апатты қауіптерді қосымша сақтандыру келісім-шартын жасасты.
31 қаңтарда «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы Алматы қаласында «Сақтандыру секторына арналған заманауи IT-шешімдер» атты бірінші тақырыптық семинардың ұйымдастырушысы болды.

 

2012 ж.
11 желтоқсанда «Эксперт РА Казахстан» рейтингтік агенттігімен ұйымдастырылған «Жылдық есептер: көшбасшылар тәжірибесі және жаңа стандарттар» І тәжірибелік конференция аясында 2011 жылдағы рейтингтік жылдық есептерде «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы бірінші орынға ие болды. «Коммеск-Өмір» компаниясының жылдық есебі бірден үш номинацияның лауреаты атанды: «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп», «Озық интерактивті жылдық есеп» және «Дизайн мен полиграфия».
Желтоқсанда бірінші рет АвтоКАСКО Орталығы ашылды.
Қазанда «Коммеск-Өмір» компаниясы қазақстандық нарық тарихында ірі төлемдердің бірін – өрттің шығуы нәтижесінде болған сақтандыру оқиғасы бойынша 4 миллиард теңгеден астам мөлшердегі сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Осы жыл ішінде Өскемен, Ақтау, Кентау, Жетісай, Екібастұз, Рудный, Күлсары, Түркістан қалаларында сегіз бөлшек сауда орталығы ашылды.

1 қаңтарда жаңа IT-жүйесін пайдалануға берілді - КАТЖ: Сақтандыру.


2011 ж.
30 желтоқсанда ерікті қалыпта сақтандырудың келесі кластарын қосуға байланысты «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия қайта рәсімделді:
·су көлігін сақтандыру;
· су көлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
· сот шығындарын сақтандыру.
13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту қарсаңында «Коммеск-Өмір» компаниясының негіз салушысы, әрі Құрметті Президенті Евгений Кан мен Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Владимир Акентьев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
23 қарашада Астана қаласында өткен «Эксперт-100» ІІІ Экономикалық форумның аясында («Сәттілік толқынында 20 жыл») тақырыбына арналған «Коммеск-Өмір» компаниясының жылдық есебі «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында жеңімпаз дипломымен марапатталды.
19 қарашада компания 20-жылдық мерейтойын атап өтті.
Тамызда Көкшетау қаласында филиал тіркелді, Төлем Орталығы ашылды.

Осы жыл ішінде бөлшек сауданың 15 орталығы ашылды, соның ішінде 2 – Алматыда және 13 – Қазақстан бойынша.
2011 жылдың 31 қаңтарында Мoody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігімен В3 қаржылық тұрақтылық рейтингі расталды, рейтингтік болжам «Тұрақты».

Сілтемемен бөлісу: